Оқиға

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео

Жол апатынан жолаушылар мен жүргізушілер зардап шекті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Төле би көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында болған.

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео

№5 троллейбус Абылай хан даңғылымен келе жатқанда оған №48 бағдарындағы автобус бар жылдамдықпен келіп соғылады. Неге екені белгісіз, автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған.

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео

Жол апаты салдарынан автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, бордюрге тіреледі. Қуанышқа орай, бұл уақытта қиылыста көлік болмаған.

Апат кезінде жеті адам зардап шекті: екі жүргізуші мен автобустың бес жолаушысы. Барлығы түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео