НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 6-8 қарашада ығысып бара жатқан антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері құрғақ әрі жылы ауа райы болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді.
Елдің батыс өңірі жексенбі мен дүйсенбіде солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Сондықтай бұл аймақта жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.
Батыста ауа температурасы түнде -5 пен +5 аралығында ауытқып, күндіз 5-15 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 3-11 аязды болса, күндіз 1-8 градус жылы болады.
Елдің оңтүстігінде термометр бағаны -1-10 деңгейіне дейін төмендеп, күндіз 3-12 градус жоғары көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -5-15 болса, күндіз -3 пен +8 аралығында болады.