Оқиға

Жезқазғанда ауруханада жатқан пациент жұмбақ жағдайда қайтыс болды – видео

Медициналық мекемеде өрт шыққан. Құтқарушылар сол жерде 60 жастағы пациенттің өлі денесін тапты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жезқазған қаласының орталық ауруханасында болған төтенше оқиға кезінде палатада жатқан пациент қайтыс болды.

Медициналық мекемеде өрт шыққан. Бірақ тілсіз жау 10 шаршы метрге ғана тараған. Құтқарушылар сол жерде 60 жастағы пациенттің өлі денесін тапты. Қазіргі кезде төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Astana TV арнасы.

Instagram-дағы @my.zhez паблигінде қала тұрғындары пациентті құтқармаған аурухана қызметкерлерін кінәлап жатыр. Алайда оқиғаның қалай өрбігенін жазған адамдар да бар.

"Өрт нефрология бөлімінде болған. Жылыту құрылғысы жарылды. Медицина қызметкерлері ұйықтаған жоқ. Олар бірден пациенттерді құтқаруға кірісті. Барлығын қауіпсіз жерге шығарған. Сол кезде бір мейірбике жарақат алды", - деп жазды желі қолданушысы.