НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.
Мемлекеттік орган басшылары президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Оқи отырыңыз: