НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Өзбекстанда көтерілген шаңды дауыл Шымкентке дейін жетті. Sputnik Қазақстан тілшісі қаладағы жағдайды видеоға түсіріп алды.
Ал көрші Өзбекстанда денсаулық сақтау министрлігі аллергиясы немесе демікпесі бар адамдарға далаға шықпауға кеңес берді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
Бір күн бұрын елдің бірнеше аймағында шаңды дауыл көтерілді. Синоптиктердің болжамы бойынша жұма күні де Ташкентте шаң басылмайды.
Оқи отырыңыз: Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды – видео
Министрлік өкілдері ондай ауаның құрамында өсімдіктер тозаңы мен зең спораларының болатынын ескертті. Сондықтан далаға шыққан адамдар медициналық бетперде киіп, оны әрбір екі сағат сайын ауыстырып тұруға тиіс.