Өңірлер

Шығыс Қазақстанда боранда адасып кеткен үш шопан табылды – видео

Құтқарушылар алыс жолға шықпас бұрын ауа райының дабылды ескертуіне назар аудару қажет екенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында боранда жоғалып кеткен үш шопан табылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

4 қараша күні сағат 14.03-те төтенше жағдайлар қызметіне Зайсан ауданында 3 қойшының отарымен бірге жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

"Белгілі болғандай, олар таңертең Біржан ауылдық округі ауданындағы қыстақтан шығып, қайтып оралмады. Құтқарушылар іздестіру жұмыстары кезінде 2 сағаттан кейін екі ер адамды тапты", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар қызметі үшінші шопанды да аман-есен тапты. Құтқарушылар өтімділігі жоғары "КУНГ" техникасымен жоғалғандарды қыстауға дейін жеткізді. Қазір оларға қауіп төніп тұрған жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес.

Құтқарушылар алыс жолға шықпас бұрын ауа райының дабылды ескертуіне назар аудару қажет екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: