Аңдатпа

Нұр-Сұлтанда "Сулы-жасыл желекжол" бойы бір жақты көше болады

Бұл шешімді "Есіл" ауданы әкімдігі "City Transportation Systems" ЖШС-мен бірлесіп қабылдады  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. 13 қарашадан бастап "Сулы-жасыл желекжол" тұрғын үй кешені бойында Нұржол желекжолынан Қонаев көшесіне дейін бір жақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлады CTS ЖШС.

"Бұл шешімге көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және қозғалысты бұғаттауды болдырмау мақсатында тұрғын үй кешені тұрғындарының көптеген өтініші негіз болды", - делінген хабарламада.

Айта кетері, шешімді "Есіл" ауданы әкімдігі "City Transportation Systems" ЖШС-мен бірлесіп қабылдады.

CTS компаниясы жүргізушілерден сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрады.