Өңірлер

"Кредит алайын деп жатыр": алаяқ Атырау тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырды

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша — Sputnik. Атырау тұрғыны өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяққа жеке мәліметтерін беріп, 1,5 млн теңгесінен айырылды.

Жәбірленушінің айтуынша, 2 қараша күні оған белгісіз адам WhatsApp арқылы өзін Халық банктің қызметкері ретінде таныстырып хабарласқан. Содан кейін есепшотынан белгісіз адамның кредит рәсімдеп жатқанын айтып, жеке мәліметтерін сұраған.

"Осылайша алаяқ атыраулық тұрғынның банктегі есепшотынан 1 млн 500 мыңға жуық теңгені басқа есепшотқа аударып алған" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтады.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: