Жыл сайын Неміс табиғат суретінің қоғамы (GDT) бүкіл әлем фотографтары қатысатын және ең таңдаулы туындылар жеңімпаз атанатын фотобайқау ұйымдастырады.
Осы жылы European Wildlife Photographer of the Year байқауына әлемнің 40-қа жуық елінен 19 мың сурет келіп түсті. Олардың қай-қайсысы да қоршаған әлемнің сұлулығы мен ғажайып бейнесін суреттейді.
2021 жылы European European Wildlife Photographer of the Year байқауында Испания фотографы Анхель Фитор жеңімпаз атанды. Ол "Медузалар балеті" атты суретімен қазылар алқасын тәнті етті. Осы туындысы үшін испан фотографы бас жүлде - 3 мың еуроны иеленді.
Байқаудың жалпы сыйлық қоры 32 мың еуро. Сондықтан басқа санат бойынша үздік атанғандар да құр қол қайтпады.
Сурет авторлары "Адам және табиғат", "Пейзаж", "Құстар", "Сүтқоректілер", "Басқа жануарлар", "Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар", "Суасты әлемі" және "Табиғат студиясы" атты сегіз номинация бойынша бақ сынады.
Жеңімпаз суреттерді Sputnik Қазақстан топтамасынан көріңіз.