НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте 37 адам індеттен көз жұмды. Оның ішінде 8 адам коронавирустық пневмониядан, 29 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды.
4 қарашадағы мәлімет бойынша, 43 397 адам коронавирус инфекциясынан (–37 852 + және 5 545 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 710 пациент стационарда, 35 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 520 адамның жағдайы ауыр,
- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз:
"Балаларды тартып алады": министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады – Цой жауап берді