Видео

Әскерге барғысы келетін бозбалалар саны артып келеді – видео

Елімізде әскер қатарында борышын өтегісі келетін бозбалалар саны артып келеді. Солардың бірі – Жамбыл облысынан әскерге шақырылған Рамазан Кавазов 
Sputnik

Жас жігіт қорғаныс істері департаментіне өзі келген. Ол қорғаныс министрлігінің әскери техникалық мектебіне оқуға түсіп, өтеусіз негізде білім алған. Осылайша әскери ведомство қажетті әскери мамандықтар бойынша мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді кәсіби тұрғыда даярлайды.

Рамазан оқудан кейін бірден үш санат бойынша жүргізуші куәлігін алып, әскери жүргізуші болады.

"Кішкентай кезімнен әскери адам болуды армандадым. Әскери борышымды өтеуге өз еркіммен келдім", - дейді  Рамазан Кавазов.

Күзгі әскери шақыру науқаны кезінде Жамбыл облысынан Қазақстанның қарулы күштері қатарына 1300-ге жуық бозбала жіберіледі.