Қар тазалау, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түнгі сағат 03.30-дан бастап қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Қар жинауға 517 арнайы техника, оның ішінде 173 құмшашқыш, 165 сыпырушы-жинау техникасы, 52 қар құрсаулаушы, 49 самосвал, 9 автогрейдер және 1400 жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Көшедегі қарды тазалау технологиясына сәйкес, жолдарға тайғаққа қарсы материалдар себу қар жауған сәттен 20-40 минуттан кейін басталады.
Жолдарға тайғаққа қарсы материалдар себу әр 5 сантиметр қар жиналған сайын жүргізіледі. Содан кейін қайтадан қарды күрейді.
Ауа райы болжамына сәйкес, 4 қарашада Алматыда күндіз ауа температурасы -8 градусты көрсетіп тұр. Ал түнде температура -12 градусқа дейін төмендейді
Алматының қазіргі көрінісін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.