НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда демалыс күндері бірнеше өңірдің және елорданың тауар өндірушілері өз өнімін ұсынады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
6-7 және 13-14 қарашада "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары әдеттегідей нарықтық бағадан 10-15% төмен тауарларды сатып ала алады.
Сөрелерде өнімдердің кең ассортименті ұсынылады, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т. б.
Екі жәрмеңкеге 200-ден астам тауар өндіруші мен кәсіпкер қатысады.
Айта кетері, 21 тамыздан бастап Нұр-Сұлтандағы 14 жәрмеңкеге Қазақстанның барлық өңірінен 860-тан астам тауар өндіруші қатысты. Олар барлығы 4,8 мың тоннадан астам азық-түлік сатты.
Оқи отырыңыз: