Өңірлер

Қарағандыда ер адам кәсіпорын директорына оқ атты

Күдікті ұсталды, кінәсін мойындады, одан травматикалық тапанша тәркіленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қарағандыда ер адам ЖШС директорына тапаншадан оқ атты.

Оқиға 27 қазан күні болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының полиция басқармасына сауда кәсіпорындарының бірінде қарулы жанжал болғаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына полицейлер аттанды.

Анықталғандай, кәсіпорында 30 жастағы ЖШС директоры әлдебіреумен сөзге келіп қалған. Жанжал кезінде қаскөй травматикалық "Оса" тапаншасынан басшыға оқ атқан. Жаралы кәсіпкер медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ.

"Полиция "ізін суытпай" 29 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қаруды заңсыз сақтау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: