Әлем

Мишустин Қазақстанға Ресейді "бауырлас көрші" деп атауды ұсынды

Қазақстанның премьер-министрі жыл соңына дейін екі мемлекет арасындағы сауда көлемі 20 миллиард доллардан асады деген болжамымен бөлісті
Sputnik

 

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша — Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қалжыңдап, Қазақстанға Ресейді құжаттарда "бауырлас көрші" деп көрсетуді ұсынды, деп жазды РИА Новости.

"Сіздер шетелдік тікелей инвестициялар жайлы айтқан кезде, мысалы, статистикалық есепте Ресейді "бауырлас көрші" деп атауға болады деп ойлаймын. Әрине, мен қалжыңдап отырмын", - деді Мишустин Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу барысында.

Қазақстан министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин кездесу кезінде бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Ресейдің Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициясының көлемі 20%-ке өскенін айтты.

Сондай-ақ Михаил Мишустин Ресей мен Қазақстанның тауар айналымы жыл қорытындысы бойынша өзара сауданың рекордтық көрсеткішіне жетуі керек екенін хабарлады.

"Тауар айналымының көлемі 16 миллиард доллардан асып түсті. Жыл қорытындысы бойынша өзара сауданың рекордтық кһрсеткішіне жететініне сенімдімін. Бізді бұл жағдай қуантып отырғаны белгілі", - деді кездесуде ол.

Мишустин екі ел арасындағы тауар айналымы қайтадан өсіп жатқанын және қаңтар мен тамыз аралығында оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кемінде үш есе артқанын еске салды.

Асқар Мамин өз кезегінде екі арадағы үлкен әлеуетті одан әрі дамыту қажеттілігінің маңызын атап өтті.

Қазақстанның премьер-министрі жыл соңына дейін екі мемлекет арасындағы сауда көлемі 20 миллиард доллардан асады деген болжамымен бөлісті.