Әлем

Ер адам мемлекеттік тілде жауап бермеген қызға калькулятор лақтырды – іс тоқтатылды

Тараптар татуласып, жәбір көрген қыз сотқа қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсірген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Бішкекте балалар ойын-сауық орталығының қызметкеріне калькулятор лақтырған ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан Октябрь ауданының сотына сілтеме жасап.

"Сотта істі қарау кезінде жәбір көрген қыз қылмыстық істі тоқтатуға өтініш жасады. Судья екі жақты да тыңдап шықты. Олар татуласқанын жеткізді. Осыған байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы үкім шығарылды", - делінген ресми хабарламада.

Сот отырысы 29 қазанда өтті. Ер адам сот шешімі шыққаннан кейін босатылды.

Еске сала кетсек, 2 тамызда милицияға жас қыз арызданған. Ол белгісіз біреудің мас күйінде басына қалькулятор лақтырғанын айтты. Күдікті 30 жастағы ер адам болып шықты. 12 тамызда оны тергеушіге жеткізіп, артынан уақытша қамау абақтысына отырғызды.

5 тамызда әлеуметтік желіде жанжалдың видеосы тарады. Ер адам қыздан қырғыз тілінде жауап беруді талап етеді, мұнымен тоқтамай оның басына калькулятор лақтырған.