Фото

Ұлыбританияда Гарри Поттер фильміндегі қараңғы орман пайда болды – фото

Sputnik

Хогвардс сиқыр мектебінің оқушылары бастан кешірген хикаяларға қызығатын Ұлыбритания тұрғындары мен қонақтары сүйікті әдебиет және кино кейіпкерлерінің әлеміне аттана алады.

Arley Hall & Gardens поместьесі қазанда ерекше, тіпті ғажайып аттракцион ашты. Бұл атрракцион Гарри Поттердегі Тыйым салынған орманда түн уақытында серуендеуге мүмкіндік береді.

Сиқырлы шамдар мен құпия мақұлықтардың жарығы түсіп тұрған сүрлеу жолда белгілі фэнтези саганың кейіпкерлерін кездестіруге болады. Сондай-ақ зімбір немесе кілегейлі сыра ішіп, асқабақ бәліштерінен дәм тату және сиқырлы таяқша арқылы өз Патронусыңды шақыру әбден мүмкін.

Тыйым салынған ормандағы Гарри Поттер сүрлеуінен тағы не көруге болатыны туралы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 7
"Гарри Поттердің тыйым салынған орманында" сиқыр мен ғажайыпты толығымен сезіну үшін тек күн батқан кезде серуендеу керек
2 / 7
Уизли отбасының Ford Anglia ұшатын автокөлігінің үлгісі дәл фильмдегідей "Гарри Поттердің тыйым салынған орманында" адасып қалды
3 / 7
Қанатты, тәкаппар әрі қауіпті –Гиппогриф "Гарри Поттердің тыйым салынған орманына" келушілерді қарсы алып тұр
4 / 7
"Гарри Поттердің тыйым салынған орманының" қонақтары сиқыршылар мантиясын қолданып, Волан-де-Морт пен Гарри арасындағы қақтығысты сезініп көре алады
5 / 7
Ал түнгі көл үстінде ондаған дементор жылжып барады. Оларға Гарри Поттердің Патронусы қарсылық танытады
6 / 7
Иә, бұл бар болғаны жарық инсталляциясы. Алайда Хэллоуин кезінде оның өзектілігі артты
7 / 7
"Гарри Поттердің тыйым салынған орманындағы" Уизли отбасының Ford Anglia "ұшатын" автокөлігін кез келген адам қолымен ұстап көре алады