НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Сербия астанасында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақ боксшылары кезекті жекпе-жектерін өткізді. Ал біреуі команда ішінде алғашқы нокаутың авторы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
54 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан (54 келі) Шотландиядан келген Мэттью Макхейлді 4:1 есебіен жеңді.
Саматәлі Төлтаев (60 келі) та өз қарсыласынан басым түсті. Ол колумбиялық Дуван Сулетті жеңді.
92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Мадияр Саидрахимовтан ұтылып қалған. Бұған Нұрлан Сапарбай (+92 келі) бірінші айналымнан аса алмаса, Бек Нұрмағамбет (86 келі) бразилиялық Кено Мачадодан жеңілген.
Айта кетері, Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.
Олар:
- Теміртас Жүсіпов (48 келі);
- Сәкен Бибосынов (51 келі);
- Махмұд Сабырхан (54 келі);
- Серік Теміржанов (57 келі);
- Саматәлі Төлтаев (60 келі);
- Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);
- Абылайхан Жүсіпов (67 келі);
- Асланбек Шымбергенов (71 келі);
- Нұрқанат Райыс (75 келі);
- Нұрбек Оралбай (80 келі);
- Бек Нұрмағанбет (86 келі);
- Айбек Оралбай (92 келі)
- Нұрлан Сапарбай (+92 келі).
Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.
Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.