Өңірлер

Алматылық полицейлер жезөкшелікпен айналысқан қыздарды видеоға түсірді

Жыл басынан бері осындай 15 үй-жай анықталды, олардың иелері үйін жезөкшелікпен айналысуға бергені үшін жауапкершілікке тартылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 1 қараша — Sputnik. Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған 15 притон анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері полиция ақшаға интимдік қызмет көрсететін адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекетін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейд өткізді. Соның нәтижесінде Тынышбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде орналасқан притон анықталды.

"Жыл басынан бері осындай 15 үй-жай анықталды, олардың иелері үйін жезөкшелікпен айналысуға бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар интимдік қызмет көрсететін 484 әйелге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. Олардың көбісі қаржыдан қиналғанын айтты. Іс жүзінде бұл кәсіппен алкогольді шектен тыс пайдаланатын және қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдар жиі айналысады", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полицияның хабарлауынша, құқық қорғаушылар күн сайын рейд өткізеді. Құқық бұзушылар арасында Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар да жиі кездеседі. Олар сот шешімімен елден шығарылады.