Өңірлер

"Жасыл" аймақтағы өңірлер саны артты

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елдің жеті өңірі "жасыл" аймақта тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Соған сәйкес, Алматы облысы "сары" аймақтан "жасылға" өтті. Осылайша "жасыл" аймақтағы өңірлер саны жетіге жетті.

"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймаққа: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары енген.

Оқи отырыңыз: