Видео

Елордада жас суретшілердің көрмесі өтіп жатыр – видео

"Бәйтерек" монументінің астында "BYTEREKTE" инклюзивті шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. Онда жас суретшілердің 40-қа жуық жұмысы қойылған
Sputnik

Көрмеге кескіндеме, графика, инсталляция стилінде орындалған жұмыстар қойылды.

"BYTEREKTE" – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инклюзивті шығармашылық көрмесі. Бұл көрмеде 4-23 жас аралығындағы 40-қа жуық жас суретшілердің жұмысы ұсынылды. Онда кескіндеме, графика, инсталляция, керамика техникаларындағы жұмыстар қойылды", – деді Е15 ARTSPACE өнер мектебінің мұғалімі Гүлмарал Тәтібаева.

Көрмеде ұсынылған жұмыстарды "Бәйтерек" монументіне келушілердің бәрі тамашалай алады.

Нұрайым Шымырбек бала күнінен сурет салумен айналысады, оның жұмыстары көрмеге қойылған.

"Сүйікті хоббиім – сурет салу. Бала күнімнен сурет саламын және сурет салу - демалу мен тынығу тәсілдерінің бірі деп сенімді түрде айта аламын. Бұл көрме менің рухани және шығармашылық дамуыма септігін тигізеді деп ойлаймын", – деп атап өтті жас суретші.

Айта кетері, көрме 28 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін жалғасады.