Өңірлер

Алматы мешітінің наиб имамы вакциналау науқанына белсенді қатысуға шақырды

Ержан Есім Алматы тұрғындарын вакциналау науқанына белсенді қатысуға шақырды. Себебі бұл – қауіпті вирусты жеңудің жалғыз жолы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша –  Sputnik. Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім мұсылмандарға вакцина салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бірде-бір дәстүрлі дінде вакцина салдыруға тыйым салынбаған, керісінше, денсаулықты сақтауға деген ұмтылыс басым. Дін әркімге өмір мен денсаулыққа дұрыс күтім жасауды және аурудың алдын алу жолдарын іздеуді міндеттейтінін есте ұстаған жөн. Вакцина бірқатар мұсылман елдерінде қолданылады, сондықтан уақыт жоғалтпай, халал және халал емес вакциналарды қарастыру қажет. Адам өмірін құтқаратын кез келді. Ал вакцинаға қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ", - деді Есім өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда ол Сауд Арабиясының Мекке мен Мединадағы қасиетті орындарға келетіндерге вакцина салу міндетін енгізгенін еске салды. Бүгінде үлкен және кіші қажылыққа баратындар коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтуі керек. Бұл шешімді әлемдегі діндарлар да қолдап отыр.

"Вакциналардың халалдылығы жағынан алаңдаудың қажеті жоқ. Мысалы қазақстандық QazVac вакцинасы халал жалпы талаптарға сәйкестік сертификатын алды. Сонымен қатар QazVac коронавирустың "дельта" нұсқасына қарсы тиімді. Ғалымдар бейтараптандыру реакциясын сынақтан өткізді, бұл отандық вакцинамен егілген антиденелердің жоғары деңгейін көрсетті", - деп атап өтті Есім.  

Осыған байланысты наиб имам Алматы тұрғындарын вакциналау науқанына белсенді қатысуға шақырды. Себебі бұл – қауіпті вирусты жеңудің жалғыз жолы. Сондай-ақ ол интернеттегі дінге ешқандай қатысы жоқ қауесеттерге сенбеуге кеңес берді.

"Исламда адам өмірінің құндылығы мен оны сақтау қажеттілігі туралы Алла Тағаланың Ұлы сыйы – аманаты деп бірнеше рет мәлімдейді, сондықтан Құран да оларды емдеу мен сауықтыруға шақырады", - дейді имам.

Алматыда діни бірлестіктер өкілдерінің басым бөлігі өздерін және жақындарын қорғау үшін екпе алды. Демек ешқандай діни ағым адам өмірін сақтауға әрі вакциналануға қарсы емес.