НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Жас жігіт соқырішекті алып тастау операциясынан кейін қайтыс болды. Пациенттің туысқандарының пікірінше, "Авиценна-Бурабай" жекеменшік клиникасының персоналы өз кінәсін жасырып отыр. Дәрігерлер қолдан келгенді жасадық деп ақталуда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Болған оқиға туралы көкшетаулық Sinegor.kz паблигінде ота жасалған науқастың әйелі айтты. Оның сөзінше, 1988 жылғы Константин Валиков Шучье қаласындағы "Авиценна-Бурабай" клиникасына түскен.
"Оның соқырішегі болды. Ең қорқыныштысы, дәрігерлер операцияның сәтсіз өткенін, жүрегі тоқтап, денесі құрысқанын жасырып қалды. Сондай-ақ күйеуімнің ауыр хәлде болғанын айтпады. Туыстарының нөмірін жоғалтып алдық деп ақталды, ал біз ауруханаға бірнеше рет келген едік", - дейді әйел.
Сонымен қатар пациенттің жұбайы дәрігерлер санавиация шақырғысы келмей, тәуелсіз дәрігерлерді кіргізуден бас тартқанын мәлімдеді.
Бұл жағдайға "Авиценна-Бурабай" клиникасы бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары Кәмила Нұрмағамбетова түсініктеме берді.
"Валиков Константин Геннадьевич 24 қазан күні 11:33-те "Өткір гангреналық жарылған соқырішек, өткір іріңді перитонит" диагнозымен түсті. Науқас кіндіктен төмен жағы ауырсынып, жүрегі айнып, әлсіздік барын айтты. 13:50-де шұғыл түрде интубациялық наркозбен соқырішекті алып тастау отасы жасалды. Операция 2 сағат 10 минутқа созылды", - деді дәрігер.
Оқи отырыңыз: Перзентханаға босануға барған әйел сәбиімен бірге көз жұмды – оқиғаның мән-жайы
Ол операция кезінде асқыну болғанын мойындады. Айтуынша, ер адам отадан кейін комаға түскен.
"Наркоз бен операция кезінде торлы қабық астына қан құйылды, ми қан тамырларының бұған дейін анықталмаған патологиясы да болуы мүмкін. Науқасты қосымша тексеріп, компьютерлік томография жасадық. Торлы қабық астына және қарынша ішіне қан құйылу салдарынан мидың ісіну белгілері байқалды. Санавция дәрігерлері пациентті қарап шықты, көпбейінді облыстық аурухана мамандары емдеу коррекциясын жүргізді", - деді Нұрмағамбетова.
Оқи отырыңыз: Жарты жыл жүрген: ер адамның асқазанын ашқан дәрігерлер аң-таң болды