Әлем

Өзбекстан президенті сайлауында кім жеңіске жетті

Шавкат Мирзиеевке сайлаушылардың 80,12%-і дауыс берді, деп мәлімдеді орталық сайлау комиссиясы
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Шавкат Мирзиеев 24 қазанда Өзбекстанда өткен президент сайлауында 80,12% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Өзбекстан президенті сайлауында кім жеңіске жетті

Сайлау қорытындысын Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамқожаев хабарлады.

"Өзбекстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы Шавкат Миромонович Мирзиеевті Өзбекстан Республикасының президенті лауазымына сайланды деген шешім қабылдады. Оған сайлаушылардың 80,12%-і дауыс берді", - деді Низамқожаев.

Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтті. Бүкіл ел бойынша барлығы 16 миллионнан (80,4%) астам сайлаушы дауыс берді.

2021 жылғы президент сайлауына қатысқан Максуда Варисова (Өзбекстанның халық-демократиялық партиясы) 6,63% дауыс жинады, Бахром Абдухалимов 3,39% ("Адолат" социал-демократиялық партиясы), Әлішер Қадыров 5,48% ("Миллий тикланиш" демократиялық партиясы) және Нарзулло Обломурадов 4,14% (экологиялық партия) дауыс жинады.