Өңірлер

"Қызыл" аймақ қатары тағы бір облыспен толықты

Ал "жасыл" аймақта болған бір өңір "сары" аймаққа ойысты. Осылайша "қызыл" және "сары" аймақтағы өңірлер саны артты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. 29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына жарияланды.

Соған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймаққа өтті және Ақтөбе облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" ойысты. 

"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.