Өңірлер

"Жіберме, жіберме!": Ақтауда полицейлер түсірген видео таралып жатыр

"102" кезекші пультіне әйел адамның тоғызыншы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқаны жөнінде қоңырау келіп түскен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Ақтауда полицейлер әйелді өлімнен арашалап қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

29 қазан күні "102" кезекші пультіне әйел адамның тоғызыншы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсайын деп жатқаны жөнінде қоңырау келіп түскен. Тәртіп сақшылары бірден аталған мекенжайға барды.

Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим және инспекторлар Бауыржан Сәрсенбаев пен Әділ Изанов ұзақ ойланбастан дереу шешім қабылдап, 20-30 минуттай әңгіме жүргізіп, әйелді райынан қайтаруға тырысты. Әйел қолын енді жібере берген сәтте полиция капитаны Болат Ибрагим бірден оны ұстап, көтеріп алған.

46 жастағы әйел мұндай әрекетке отбасылық жағдайына байланысты барған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Оқиғаның соңы не болар екен деп уайымдадық. Бірақ ойланып тұратын уақыт жоқ болғасын, бірден осындай әрекетке бардым. Қуанышымызға орай, барлығы жақсы аяқталды. Бұл біздің тікелей міндетіміз бен азаматтық борышымыз деп білемін",- деді патрульдік полиция батальонының взвод командирі Болат Ибрагим.

Оқи отырыңыз: