Өңірлер

Қызылорда тұрғыны автосалонда істеймін деп біреудің қымбат көліктерін сатып жіберген

Жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшері 27 миллион теңгеден асады, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

ҚЫЗЫЛОРДА, 28 қазан – Sputnik. Қызылордада алаяқ өзін автосалон менеджерімін деп таныстырып, жергілікті тұрғынның қымбат көліктерін сатып жіберген. Полиция 27 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жәбірленуші Қызылорда қалалық полициясына арыз түсірді. Айтуынша, ол алаяқпен тамыз айында танысқан. Күдікті автосалонда менеджер болып істейтінін айтқан. Автокөліктерді салон арқылы сатып беремін деп уәде еткен.

"Тексеру барысында алаяқ жәбірленушіні Toyota орталығының менеджерімін деп алдап, Tоyota Higlander және Tоyota Camry 70 маркалы автокөліктерді иемденіп алғаны анықталды. Қала тұрғынының сеніміне кіргеннен кейін, ол көліктерді сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 27 миллион 600 мың теңгені құрады", - деді Қызылорда облыстық полиция департаментіндегілер.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір күдіктінің алаяқтықпен айналысқаны дәлелденді.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: