Путин мен Джонсон Ауғанстан жайын талқылады

Ауғанстан ұжымдық Батыстың осы елдегі саясаты мен іс-қимылының жүзеге аспағанын айқындайтын мысалға айналды. Лондон соғыс аумағындағы және ғаламшардағы бақылауды уысынан шығарып алған Вашингтонның алаңдаушылығы туралы Мәскеуге хабар жеткізіп отыр
Sputnik

Ресей президенті Владимир Путин мен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Сонымен бірге Путин "Мәскеу форматында" (Ресей, Қытай, Пәкістан, Иран, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен) тәлібтермен жақында ғана өткен консультациялар туралы айтты, ал Джонсон "Талибанды"* мойындау ықтималдылығына қатысты алаңдаушылығымен бөлісті.

Бұл кездесуде 20 жылға созылған әскери операциялардың сәтсіздігіне сенбейтін, "халифатты" әлем мойындауы мүмкін екеніне қатты алаңдап отырған АҚШ мүддесі көрініс тапты.

Ауғанстанның тәуелсіздігіне деген қазіргі құрмет жағдайында оны халықаралық деңгейде мойындауға әлі көп бар. Біраз бұрын Владимир Путин "Талибанды" террористік ұйымдар тізімінен шығару БҰҰ деңгейінде шешілуі керек және ол үшін тәлібтер "барлық этникалық және діни топтармен, барлық саяси және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнатуы керек" екенін айтты.

Өкінішке қарай, Ауғанстан сексен халық пен ұлыстың бейбіт және келісімінен алшақта жүр, ел әлі де терроризмнен азат етілген жоқ. Уақытша үкімет "ДАИШ"* тарапынан болып жатқан қауіпке және экономикалық сынға төтеп бере алмай отыр.

Тәжікстанның қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзо 24 қазанда соңғы айлардағы жағдай Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалдың нашарлауына алып келгенін айтып, осы елдегі жағдайды апатты деп атады. Өкінішке қарай, бұл асыра айту емес.

Ауғанстан тәлібтер мен басқа да террористік топтың, сондай-ақ кіші Масудтың басқаруындағы Қарсылық майданының бақылау аумақтарына бөлінген.

Содырлардың Орталық Азия елдеріне басып кіру қаупі әлі сақталып тұр. Осы орайда ҰҚШҰ-ның Тәжікстан мен Өзбекстан аумағында ауған шекарасына жақын аймақта алты елдің әскерилері қатысқан арнайы маневрлер өткізуі де тектен-тек емес.

Қауіпсіздік белдеуі

"Мәскеу форматындағы" кездесуде тәлібтер Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауда ұстап отырғанын айтты. Алайда шетелдік әріптестер мен контрагенттерді жаңа биліктің қауқарлылығы мен тиміділігіне сендіруге тырысу аса іске аспады. Тәлібтер елдегі бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек түгілі өздерін қорғай алмай отыр. Сондықтан түрлі првинцияда бәсекелес ДАИШ* (мемлекеттік шекараны мойындамайды) жасақтарымен атыс және теракт әлі жалғасып жатыр.

Қаруланған тәлібтер 26 қазанда Кабулдағы әуе кассаларын жанындағы адамдар тобын оқ ату арқылы таратты. Жараланғандар бар. Әйелдер де зардап шекті.

Өткен аптада ДАИШ* содырлары Желалабадтағы тәлібтердің автокөлігіне екі рет шабуыл жасап, Кабул мен басқа да провинцияларды қуат көзінен айыру мақсатында электр тарату желілерін жарып тастады. "Уәлаят Хорсан"* билік пен ықпал ету күші үшін қақтығысқа түсуге дайын – жексенбіде Гератта болған тәлібтер мен ДАИШ* содырлары арасындағы атыс кезінде 17 адам көз жұмды. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Дәл осы күні Урузган провинциясында даиштықтардың қара жалауы көкке көтеріліп, олар жергілікті тұрғындарға ДАИШ* қатарына қосылғандарға 30 мың афгани беретіндерін жариялады. Бұл қарапайым ауған үшін қомақты сома. Afghanistan.ru ресурсының ақпараты бойынша, Гератта молда Абдул Манан Ниязиге берілген тәлібтердің бір тобы ДАИШ қатарына қосылған.

Елдегі жағдай күн санап ушығып жатыр. 25 қазанда Дохада өткен кездесуде тіпті әркез өзін салмақты ұстайтын Қытай сыртқы істер министрі Ван И де тәлібтерді ашықтық танытуға, әйелдер мен балалардың заңды құқықтарын қорғауға, барлық этникалық оптарды біріктіруге шақырды. Ал тәлібтер келесі күні Кабулдағы әйелдердің қарсылық акциясын күштеп таратты.

Біраз бұрын "Талибанның"* ресми өкілі Забихулла Муджахидо құқық туралы қысқа пікір білдірді: "Әйелдер шариғат аясында тіршілік етеді". Ал шариғаттағы құқық белгілейтін қағидаларды реттеумен молдалардың шағын тобы айналысуда. Бірақ ол молдаларды 40 миллион халық сайлаған да, мұндай құзірет берген де жоқ.

Іргелес жатқан елдегі тұрақсыз ахуалды ескерген тәжік парламентінің төменгі палатасының төрағасы Махмадтоир Зокирзода ҰҚШҰ бойынша одақтастарды қуатты қауіпсіздік белдеуін құруды ұсынды. Осы тұста Мәскеу бірден ресейлік 201-ші скери базаны модернизацияланған Т-72Б3М танктерімен күшейту арқылы сәйкес әрекетке көшті.

Пәкістандағы АҚШ әуе базасы

АҚШ пен НАТО елдері өздері 20 жыл соғысқан ауған жерінің болашағы үшін жауапкершілікті әлі де сезінбей отыр. Америка әскерінің жеңілісі мен елден кеткеніне қарамастан, Вашингтон ауған шекарасына жақын маңда "қосалқы аэродром" орнату туралы өңірдегі мемлекеттермен келісімге келуге мүмкіндік қалдырмады. Орталық Азия елдері мұндай ұсынысқа қолдау білдірмейтіндерін ашып айтты. Әйтсе де Пәкістанда АҚШ Әскери-әуе күштерінің базасы пайда болу ықтималдылығы жоғары.

Исламабад тәлібтермен ынтымақтастықтың "бейресми арнасын" реттегеніне қарамастан, Пәкістан мен АҚШ осы елдің әуе кеңістігін Ауғанстандағы АҚШ ӘӘК соғыс және барлау операциялары үшін қолдану туралы келісімге қол қоюға жақын. Осылайша Вашингтон ауған жеріндегі өз жеңілісін аз да болса өтей алады. Ал Исламабад терроризммен күресте америкалық көмекке жүгініп, Үндістанмен қарым-қатынасты түзейді.

Егер америкалық әскери база Ауғанстан территориясын толық бақылау мүмкіндігіне ие болса, онда 20 жылғы оқиға қайталанады. Бұл бейбіт халықтың қайтадан кедейшілікке тап болуын, Орталық Азия елдерінде қайтадан босқындар көбейетінін білдіреді.

Жалпы, санға тоқталсақ, америкалықтар Ауғанстаннан 124 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Солтүстік Америкадағы Пентагон базаларында 53 мыңнан астам ауған жатыр. Егер жағдай одан ары ушықса, онда миллиондаған адам босқынға айналады.

Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы билігінің өкілдері күні кеше ғана Жоғарғы ұлттық қарсылық кеңесін құру туралы мәлімдеді. Кеңес халықты "ішкі жауыздыққа, шетелдік агрессия мен оккупацияға қиын әрі ұзақ қарсылық көрсетуге" дайын болуға шақырды. Ауғанстан аумағындағы барлығына қарсы соғыс ұзаққа созылатын түрі бар.

* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.