МӘСКЕУ, 27 қазан – Sputnik. Әлемдегі атышулы медицина маманы – Энтони Фаучи, америкалық Ұлттық аллергиялық және инфекциялық аурулар институтының директоры төңірегінде дау шықты. Фаучиді негізінен антиковидтік шаралар үшін жек көреді. Бірақ дәл осы жағдайда ол жануарларды азаптауға қатысты сынға қалды, деп жазды РИА Новости.
Яғни, медик еш кінәсі жоқ кішкентай ккүшіктерді азаптағаны үшін сынға ұшырады.
Осы тақырыпта жазған БАҚ хабарлағандай, "Фаучи денсаулық институтының бөлімшесі эксперимент кезінде бигль-күшіктерге дәрі егіп, олардың басын инфекцияланған аш москит толы торға тыққан".
АҚШ конгресінің жиырма төрт мүшесі дәрігер мен ол басқарып отырған институтты тез арада сынақты тоқтатуға шақырды. Енді тергеу басталады.
Халық салық төлеушілердің 1,7 миллион доллар қаражаты эксперимент жасап, жантүршігерлік зерттеу барысында өлтірілген 44 күшікті азаптауға жұмсалғанына наразы.
Еуропа көмірсутек бейтараптылығын ұстанып, тоңып жатқанына қарамастан, Ресейге қатысты жасыл саясатты қолдануға тырысып жатыр. Сол сияқты олар кез-келген өнім мен сынаққа қатысты "жануарлар" талабын қоюда. Соның салдарынан Еуропада Ресей бизнесі қиындықтарға тап болуда: өйткені жергілікті ретейлерлер ЕАЭО реттеуі бойынша өнім міндетті түрде жануарлар сыналу қажеттігі туралы талап болғандықтан, ресейлік ойыншықтарды сауда сөрелеріне қоюдан бас тартады. Сондықтан ойыншық өндірушілер Еуразиялық экономикалық одақ алдында жоғарыда аталған "зоожақтаушылар" талаптарын жақтауға мәжбүр.
Болашақ биолог, медик және ветеринарларды оқыту кезінде және дәрәден бастап косметика, тіпті ойыншыққа дейінгі адамдармен байланысқа түсетін жаңа өнімді дайындау кезінде жануарларға сынақ жүргізіледі.
Ал мұндай экспериментке тыйым салуды талап етіп жатқандар оқу мен үйретуді компьютердегі үлгілерге, жасандық материалдардан дайындалған үлгілерге ин витро жасушаларына, яғни, түтіктегі ағзаларға жүргізуді және сынақты тек өз келісімін беретіндерге, яғни адамдарға жүргізуді ұсынды.
Негізінде жануарларға салыстырғанда компьютерлік үлгілерге сынақ жүргізу түсініксіз болады. Кез келген үлгі атомға дейін бірдей болғанда ғана компьютерлік нұсқа тиімді бола алады. Әйтпесе, маңызды бір жайт елеусіз қалу қаупі бар. Сонымен қатар жасушалы өсінділер ағзаны толық таныстыра алмайды.
Бірақ басты мәселе басқада болып отыр. Бүгінде жануарларға эксперимент жүргізуге қарсылық танытып, өз компаниясын жарнамалауға тырысатындар үлкен танымалдылыққа ие. Сондықтан кез келген косметика мен химия өнімдерін сататын дүкенде жануарларға сынақ жүргізуге қарсы екенін паш ететін түрлі ақпарат көпшілік назарына ұсынылған.
Адамзаттың кез келген зорлық-зомбылығынан кез келген тірі жануарды кез келген қорғаушымен әңгімелесудің көп дегенде оныншы минутында алдыңызда тұрған сол адамның жалпы адамдарды жек көретінін немесе адамдарды жануарлардан да жаман тіршілік иесі деп санайтынын ұғасыз.
Сонда Ресейдегі жануарларға тест жүргізбей дайындалған шартты косметиканы сатып алушылар әлдеқайда кедей елдің азаматтарына эксперимент жүргізу үшін ақша төлеп отырған болып санала ма? Сонда олар қояндар мен тышқандарды эксперименттен қорғап қалып, мұндай сынақ адамдарға жүргізіле бастағанына қуана ма? Себебі өзіне эксперимент жасауға тек әбден титығы ыққан, кедейліктің зардабын көрген адам ғана келіседі.
Сонда жануарларды азаптауға болмайды, ал адам баласын азаптау дұрыс па?
Ең сорақысы, мұндай ұстаным "адамгершілік" деп аталуда. Ал іс жүзінде бұл керісінше, адамзатқа қарсы іс-әрекет.