Қоғам

Алматыда ТМД елдерінің тіл саясатына қатысты конгресс өтті

Жиында Қазақстандағы тілдік патрульдер деп аталатын кейінгі кезде болған жағдайға қатысты пікір айтылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы бас консулы Евгений Бобров қазір Қазақстанда орыс тіліне қатысты қалыптасқан жағдайға баға берді. Оның айтуынша, ел басшылығы саясатының арқасында орыс тілі Қазақстан қоғамында өмірдің барлық саласында бұрынғысынша сұранысқа ие және маңызды болып отыр.

Конгреске қатысушыларға қарата сөйлеген сөзінде Ресейдің Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров белгілі бір күштердің посткеңестік елдерде тіл арқылы бөлу әрекетіне қарамастан, орыс тілі бұрынғыдай халықты біріктіруші фактор болып қала беретінін атап өтті.

"Қазақстандағы барлық этностың 95%-і қандай да бір дәрежеде орыс тілін меңгерген. Меніңше, бұл қалыпты жағдай. Тілдерді үйрену керек деген кезде біз сол елдің мәдениетін де үйрену туралы айтамыз. Тіл – байланыс. Біз үлкен мақсаттарға жету үшін бір-бірімізбен келісе білуіміз керек", - деді Бобров.

Сондай-ақ Ресейдің Алматыдағы бас консулы Қазақстанда орыс тілін үйренуде белгілі бір қиындықтар бар екенін айтты.

Біріншіден, мектептер мен жоғары оқу орындарында мұғалімдердің жетіспеушілігі. Екіншіден, оқуға арналған және көркем әдебиеттің болмауы. Алайда дипломаттың айтуы бойынша, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі оларды шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Мысалы, мұғалімдер үшін семинарлар мен конференциялар өткізіледі, онда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ Қазақстанға оқу үшін де, көркем әдебиет үшін де қажетті кітаптар жеткізіледі.

"Көп тілді білу – біздің барымыз, байлығымыз. Қоғамда неғұрлым көп тіл білетін болсақ, Қазақстан соғұрлым жақсы дамиды", - деді Евгений Бобров Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Ол Қазақстандағы тілдік патрульдер деп аталатын кейінгі кезде болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
Бобровтың айтуынша, қазір тілдік патрульдердің пайда болуының артында кім тұрғанын нақты айту қиын.

Алайда бұл мемлекеттік деңгейде тоқтатылды және Қазақстан басшылығы мұндайды қабылдамайды, деді ол.

"Біз Қазақстан президентінің орыс тіліне, басқа этностарға, басқа тілдерге қатысты ойын білеміз. Ол қоғамды нығайтуға, біріктіруге толықтай бейімделген. Себебі қоғамдағы кез келген элементті босату қазірдің өзінде бөлінуге әкеледі. Оған ақша жұмсап, арандатушылық жасайтын деструктивті күштер, Қазақстанда бұл құбылыс деп көрсетуге тырысатын заттар бар. Жоқ, бұл құбылыс емес. Бұл жеке жағдай. Олар қазақстандықтар үшін де, ресейліктер үшін де өте жағымсыз және менің ойымша, кез келген этносқа бұл ұнамайды", - деді Евгений Бобров.

Ол ел үшін әрбір этнос өз мәдениеті мен білімін әкелетінін айтты.