НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантинді ұзарту туралы жаңа қаулыға қол қойды.
"Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекция таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.
Қаулыға сәйкес, адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған. Ондай шараларды тек Ashyq жобасына қатысатын нысандарда және келушілерде "жасыл" статусы болған жағдайда ғана ұйымдастыруға рұқсат бар. Адам саны жағынан шектеуді де сақтау қажет.
65 жастан асқан адамдарға қалада көп жүрмеген жөн. Қоғамдық орындарда және автобуста, сондай-ақ, далада бетперде кию режимі сақталады.
Демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты 03:00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшылары таңғы сағат 05:00-ге дейін істей береді.
Қарбалас уақытта қоғамдық көліктердің санын арттырып отыру қажет.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқып шығуға болады.