НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекованың жолдасының суреттері пайда болды. Әртіс биыл көктемде тұрмысқа шыққан болатын. Бірақ сүйгенінің кім екенін айтпады, тіпті, оның бет-әлпетін де көрсетпеді.
Алайда тележүргізуші Майя Бекбаева актриса Жәния Джуринская мен блогер Данияр Хизметовтің үйлену тойынан жариялаған суретте бұл құпияның беті ашылды.
Еске салары, Мақпал Исабекова биыл мамырда тұрмысқа шықты. Әнші неке қию салтанатындағы суреттерімен әлеуметтік желіде бөлісті. Алайда оның таңдауы кімге түскені белгісіз еді. Мақпал өз сүйіктісі танымал тұлға емес екенін және әлеуметтік желіде көзге түскенді қаламайтынын жазды.
Исабекованың оқырмандары оның күеуі кім екенін біле алмай әлек болды. Әнші Instagram-да жариялаған жазбаларында болашақ жарымен Шымкентке түсірілімге барған кезде танысқанын мәлімдеген.