Спорт

Қазақстандық ару әлем чемпионатында жүлде ұтып алды

Ол Риддердегі "Қазмырыш" байыту кешенінде техникалық құжаттама бойынша маман болып жұмыс істейді. Компания спортшының Венгрияға сапарына демеушілік жасаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Риддер тұрғыны Анастасия Севостьянова Будапештте өткен гір көтеру спортынан әлем чемпионатында екі күміс жүлде иеленді. Ол жарысқа 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша екі санатта қатысты: әуесқойлар мен ардагерлер.

Спортшы екі біліктілік бойынша салмағы 16 килограмм болатын снарядты 10 минутта 160 рет "жұлқа" көтерді.

Шығыс Қазақстан тумасы мұндай деңгейдегі жарысқа бірінші рет қатысып отыр, деп жазды Yk-news.kz порталы.

Бұған дейін спортшы облыстық және қалалық біріншіліктерде жеңіп, шілдеде ел чемпионатында күміс жүлдені алған.

Қазақстандық ару әлем чемпионатында жүлде ұтып алды

Анастасия Севостьянова гір көтеру спортымен жеті жыл бұрын аналыса бастаған. Ол бала босанғаннан кейін өзін жаңа спорт түрінде сынамақ болған.

"Мен тұрақты жаттығамын, бұл көп уақыттан бері менің өмір салтыма айналды", - деді спортшы.

Ол Риддердегі "Қазмырыш" байыту кешенінде техникалық құжаттама бойынша маман болып жұмыс істейді. Компания спортшының Венгрияға сапарына демеушілік көрсеткен.