Sputnik Қазақстан "Барыс" хоккей клубының ақпараттық серіктесі атанды

Ынтымақтастық мақсаты – спортты насихаттау, елордалық "Барыс" хоккей клубының жұмысын жедел және сапалы ақпараттық қолдау
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы елдегі жетекші "Барыс" хоккей клубының ақпараттық серіктесі атанды. "Россия сегодня" Халықаралық ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов пен "Барыс" ХК маркетинг және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Арнұр Әлішеров сәйкес келісімге қол қойды.

Құжатқа қол қою салтанаты Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтті.

"Қазақстандық хоккейшілер бүгінде нағыз маманға айналды және олар әлемдік деңгейде де жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді. Біз өз тарапымыздан елдегі жетекші клубтардың бірімен серіктес болғанымызға қуаныштымыз және қазақстандық хоккей мен дарынды спортшылардың еңбегін насихаттауға өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығы мен мұндағы кәсіби команда беделді клубтың қызметі және жетістіктері туралы ақпарат тарату және спортшылар туралы кең аудиторияға баяндаудың жаңа креативті әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді Виктор Панов.

Sputnik Қазақстан "Барыс" хоккей клубының ақпараттық серіктесі атанды

"Біз жетекші ақпарат агенттігінің бірі – Sputnik Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз. Жемісті ынтымақтастық біздің аудиториямен коммуникацияны дамытуға ықпал етеді. Sputnik Қазақстан "Барыс" хоккей клубының тыныс-тіршілігіндегі барлық елеулі оқиғаны насихаттауда кәсіби және қуатты серіктес болатынына сенімдіміз", - деді Арнұр Әлішеров.

Sputnik Қазақстан 2016 жылдың қыркүйегінде өз жұмысын бастады. Оның активтері қатарында қазақ және орыс тілдеріндегі ақпарат порталы, интернет-радио және жоғары технологиялық мультимедиялық баспасөз орталығы бар. Sputnik Қазақстан – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосының бір бөлігі.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы – Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпарат ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.