Өңірлер

Алматы "қызыл" аймақтан шықты

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. 25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Соған сәйкес Алматы қаласы "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа ойысты.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Оқи отырыңыз: