НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлеріне Биг Беар (Калифорния штаты, АҚШ) жаттығу лагерінде түсірілген жаңа суретті көрсетті.
Бұл жолы Головкин Instagram-дағы парақшасында демалып жатқан сәтінен "сторис" жариялады.
Танымал боксшы далада отын мен пештің қасында отыр.
Ол бұған дейін де жаттығу лагерінен талай сурет жариялаған еді.
Үлкен Аю көлі (Калифорния) немесе Биг-Беар-Лейк – Калифорния штаты Сан-Бернардино округіндегі шағын қала. Биг-Беар көлінің оң жағасын бойлай Сан-Бернардино тауларында орналасқан. Қала Сан-Бернардино ұлттық орманымен қоршалған.
Еске салсақ, Головкиннің келесі жекпе-жегі желтоқсан айында Жапонияда өтеді. Отандасымыз жергілікті боксшы Риота Муратамен қолғап түйістіреді.
Оқи отырыңыз: "Жақында көрісеміз": Головкин желіде жазба қалдырды
Риота Мурата – жапониялық кәсіпқой-боксшы, орташа салмақ дәрежесінде (72,6 келіге дейін) сынға түседі. Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем суперчемпионы. Мурата 2019 жылы желтоқсанда боксшы Стивен Батлерді жеңгеннен кейін рингке шыққан жоқ.