Видео

Қазақстандық министрлер бір жалақыға қалай өмір сүріп жүргенін айтты – видео

Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдейтін емес. Азық-түлік пен тауарлар күннен-күнге қымбаттап жатыр, ал халықтың жалақысы көтерілген жоқ
Sputnik

Sputnik Қазақстан тілшілері министрлерден халық дағдарыстан қалай шығуы керек екенін сұрады. Үкімет мүшелері тығырықтан шығар жолды көрсетудің орнына өз мұңын шақты.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазір үкімет пен әкімдіктер бағаны тұрақтандыруға тырысып жатқанын мәлімдеді. Алайда бүкіл әлемде азық-түлік пен өзге де тауарлар бағасы өсуде.

"Өкінішке қарай, қазір бүкіл әлемде жағдай осындай. Біз бұл проблеманы бірігіп шешуіміз қажет. Мен қазір ертең баға түседі деп айта алмаймын, бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз. Бағаның өскені халыққа ғана емес, маған да әсер етті", - деді министр.

Ал энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев баға қашан төмендейді деген сұраққа жауап беру мүмкін емес дейді.

Ол, сондай-ақ жайлы өмір сүру үшін қазақстандықтардың жалақысы қанша болуы керек деген сұраққа да жауап бере алмады.

Шенеуніктердің бағаның өсуі мен қазақстандықтардың айлығы туралы не ойлайтынын Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.