Күннің жылы сәулесіне ұйытқыған алтын түстес күз бе, әлде қызғылт түсі басым, көңілді көтеретін күз бе? Бәлкім, жаз мезгіліндегідей әлі де жасыл маусым ба?
Күз сондай алуан түрлі! Бірақ барлық кезде ерекше, өз атмосферасы мен көңіл-күйі бар кезең. Аяқ астындағы сары жапырақтардың сыбдыры көңілге тыныштық сыйлап, аспан түсі де айрықша болады. Мұндай сәтте түрлі ой жетегінде кетіп, уақыттың зымырап бара жатқаны жайлы толғанғың келе береді.
Лондоннан Нұр-Сұлтанға дейінгі күз келбетін суреттер топтамасынан көре аласыздар.