Фото

COVID-19 мұхитқа жетті, "М+Т" – Стенин атындағы байқау жеңімпаздары ұсынған суреттер

Sputnik

Осындай шынайы суреттер Андрей Стенин атындағы халықаралық фотобайқауда жүлделі орындарды иеленді. 

Биыл жетінші рет өткізіліп отырған байқауға әлемнің 70 елінен 4 500 сурет келіп түсті. Байқау географиясы осы жылы кеңейе түсті – Индонезия, Канада мен Мексика сынды жаңа үш елден жас фотожурналистер өз туындыларын ұсынған.

Байқау жеңімпаздарының есімі осы аптада белгілі болды.

"Фото – қазіргі уақытта ең әділ, консервативі өнер түрі. Суретке түсіру үшін сол адамның жанында болу керек", - деді "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі бас директоры Дмитрий Киселев байқауға ұсынылған жұмыстарға тоқталу барысында. 

Байқаудың бас жүлдесін Санкт-Петербург тұрғыны Мария Гельманның Даун синдромына шалдыққан егде жастағы әйел мен еркек арасындағы махаббаты бейнелеген "М+Т" атты суреті және Түркия фотографы Шебнем Кошкунның коронавирустың мұхит экологиясына тигізген залалы тақырыбына арналған "Суасты әлемі үшін жаңа қауіп: COVID-19 қалдықтары" атты суреті жеңіп алды.

Коронавирус салдары туралы индонезиялық Джошуа Ируанди де ой қозғап, байқауға "COVID-19 бағасы" атты суретін ұсынды. Бұл туынды "Басты жаңалықтар" бөлімінде бірінші орынға және Халықаралық Қызыл Жарты Ай комитетінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Андрей Стенин атындағы байқауға ұсынылған өзге де суреттер туралы толығырақ топтамадан көріңіздер.

1 / 14
Индонезиялық фотограф Джошуа Ируандидің "COVID-19 бағасы" суреті Стенин атындағы байқауда "Басты жаңалықтар, дара суреттер" санатында жеңіске жетті.
2 / 14
Үнді фотографы Чандан Ханнаның "Жікке бөліну" туындысы Стенин атындағы байқауда "Басты жаңалықтар, топтамалар" бойынша жүлделі болды.
3 / 14
Сириялық фотограф Мунеб Таймның "Қирандылар арасындағы паркур" атты суреті Стенин атындағы байқауда "Спорт, дара суреттер" номинациясында үздік деп танылды.
4 / 14
Ресейлік Дарья Исаеваның "Үйдегі Олимпиада" суреті Стенин атындағы байқауда "Спорт, топтама" санатында жеңімпаз атанды.
5 / 14
Стенин атындағы байқауда "Менің ғаламшарым, дара суреттер" санатында қытай фотографы Чан Сюйдың "Шаңғымен көктемге қарай" атты суреті жүлделі болды.
6 / 14
Стенин атындағы байқауда "Менің ғаламшарым, топтама" номинациясы бойынша испан фотографы Луис Татоның "Африка шығысындағы шегірткелер шабуылы" атты табиғат апатына арналған суреті жеңді.
7 / 14
Стенин атындағы байқауда "Портрет. Біздің заманымыздың батыры, дара суреттер" номинациясында ресейлік фотограф Сергей Бобылев түсірген "Біздің тұлғалар" атты туындысы үздік деп танылды.
8 / 14
Ал Стенин атындағы байқаудың бас жүлдесін түрік фотографы Шебнем Кошкунның "Суасты әлемі үшін жаңа қауіп: COVID-19 қалдықтары" атты суреті жеңіп алды.
9 / 14
Фотограф Шарафат Әлидің "Кашмир: даулы мұра" атты туындысы. Бұл сурет "Портрет. Біздің заманымыздың батыры, топтама" санатында 1-ші орынды иеленді.
10 / 14
Фотограф Мария Гельманның "М+Т" атты суреті. Бас жүлде.
11 / 14
Мексикалық фотограф Luis Antonio Rojas қолынан шыққан "Мексиканы бақылаудан айырылу" атты сурет Андрей Стенин атындағы байқауда "Басты жаңалықтар, топтама" санаты бойынша 3-ші орын алды.
12 / 14
Бангладеш фотографы Абдул Моминнің "Шомылатын уақыт" атты суреті Стенин атындағы байқауда "Менің ғаламшарым, дара суреттер" санатында 3-ші орынға лайықты деп танылды.
13 / 14
Бангладеш фотографы Рафид Ясардың "Бақытты шаруа" атты суреті Стенин атындағы байқаудың "Менің ғаламшарым, дара суреттер" номинациясында қазылар алқасының ерекше бағасына ие болды.
14 / 14
Бангладеш фотографы Muhammad Amdad Hossain түсірген "Әсем көздер" атты жұмыс Андрей Стенин атындағы байқауда "Портрет. Біздің заманымыздың батыры, дара суреттер" санаты бойынша 3-ші орынды жеңіп алды.