Видео

Елде мереке: Үндістанда 1 млрд адам вакцина салдырды – видео

Үндістанның 1 миллиардтан астам тұрғыны COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды. Бұл оқиға Нью-Делиде салтанатты түрде аталып өтті. Видеодан толығырақ көре аласыз
Sputnik

Үндістан коронавирустан миллиардтан астам адамды вакцинациялаған әлемдегі Қытайдан кейінгі екінші ел болды. Осы іс-шараға Үндістанның денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия және оның орынбасары Бхарати Павар қатысты.

"Ел үлкен мақсатқа жетті, бұл басқа елдермен салыстырғанда зор жетістік", - деді Үндістан билігі.

Алайда, Үндістанның денсаулық сақтау министрлігінің басшылары халықты толық вакцинациялау үшін әлі ұзақ уақыт қажет болатынын айтты. Салтанатты шараға қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты.

"Біздің еліміз коронавируспен күресте үлкен жетістіктерге жетіп жатқаны қуантады", - деді Үндістанның Капур қаласынан келген турист Шивам Сингх.