Қоғам

Нұр-Сұлтанда бір ай бұрын жоғалған 17 жастағы қыз табылды – оқиғаның мән-жайы

Кәмелетке толмаған қыз туыстарымен жиі жанжалдасып қалатын көрінеді. Бұған дейін 11 рет үйінен қашқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді тапты, деп хабарлайды елорда полициясының баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмаған қыз 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Оны іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы тартылды, сондай-ақ іздеу ісі қозғалды.

"Іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған қыз баруы мүмкін жердің бәрін тексеріп шықты. Оны соңғы рет көрген адамдардан жауап алынды. Қабылданған шаралар арқасында 17 жастағы қыз Нұр-Сұлтандағы "времянкадан" табылды. Ол бөлме жалдап тұрған. Қыз туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалыпты. Қазір кәмелетке толмаған қыз үйде отбасымен бірге", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Белгілі болғандай, қыз бұған дейін 11 рет үйінен қашқан.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертті. Әдетте, отбасылық ұрыс-керіс балаларды үйден қашуға итермелейді.

Оқи отырыңыз: