Экономика

Huawei конференциясында цифрлық трендтер талқыланады

Huawei өкілдері "Бірыңғай цифрлық болашақ қауымдастығы" стратегиясын дамыту жоспарын бөліседі. Осы стратегия аясында компания Ресейде қауіпсіз және тәуелсіз салалық экожүйені қалыптастыру процесіне қатысып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. 26 және 27 қазанда Huawei компаниясы жылсайынғы екінші "Цифрлық қауымдастық 2021" конференцияны өткізеді, деп хабарлады компанияда.

"Конференция – клиенттер мен серіктестерге цифрлық трансформациямен байланысты өзгерістерге бейімделу үшін көмектесуге, тәжірибе алмасуға және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен экожүйені дамыту бойынша бірге жұмыс істеуге арналған ашық платформа. Қатысушылар HDCC 2021 пленарлық сессиялары мен форумдарындағы баяндамаларды онлайн режимде тыңдап, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сарапшылармен цифрландыру мәселелерін талқылай алады және нақты уақыт шеңберінде онлайн қатыса алады", - деп жазылған хабарламада.

Huawei өкілдері "Бірыңғай цифрлық болашақ қауымдастығы" стратегиясын дамыту жоспарын бөліседі. Осы стратегия аясында компания Ресейде қауіпсіз және тәуелсіз салалық экожүйені қалыптастыру процесіне қатысып жатыр.

"HDCC 2021 форумына қатысу – әлемде және Ресейде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму трендтерімен танысу, сондай-ақ, цифрлық энергетика, бұлтты технологиялар мен мобильді экожүйелердегі соңғы жетістіктер туралы білудің тағы бір мүмкіндігі. АКТ саласындағы жетекші сарапшылармен бірге біз түрлі салаларда цифрлық бизнес-үлгілерді қолданудың практикалық кейстерін зерттеп, цифрлық технологиялар дәуірінде бизнесті дамытуға арналған соңғы әдістерді талқылаймыз" – деп жазылған хабарламада Еуразиядағы Huawei президенті Дэниел Чжоудың сөзі.

Huawei конференциясында цифрлық трендтер талқыланады

Іс-шара кезінде АКТ-индустриясының түрлі аспектілерін талқылауға арналған алты форум ұйымдастырылады.

Конференцияның бірінші күнінде "Оқшаулау: АКТ-индустриясының тәжірибесі" форумында бағдарламалық және ақпараттық қамсыздандыру шешімдерін оқшаулаудағы ресейлік салалардың табысы талқыланады.

"Бұлтты технологиялар экожүйесі" форумы аясында Уралхим, СберАвто, Работа.ру және Huawei-мен бірлесіп SberCloud.Advanced бұлтты технологиясын қолданатын басқа да серіктестер бизнесті цифрлық трансформациялау мүмкіндіктерін қарастырады. "Ең жоғарғы пайдаланушы тәжірибесі 2021" форумында Huawei сарапшылары мен серіктестер ОТТ сервистер қалай видео-контент тұтынуын өзгертетінін талқылайды.

Конферецнияның екінші күнін "Еуразияның цифрлық энергетикасы" саммиті ашады. Саммитте Huawei өкілдері алғаш рет Еуразиядағы цифрлық энергетика саласындағы компания стратегиясымен деректерді өңдеу орталығы инфрақұрылымындағы "жасыл" инновациялар мен SmartPV электр энергиясын генерациялау саласындағы жаңа технологияларды таныстырады.

Ал "Еуразиядағы АКТ-сервистері" серіктестір форумы Huawei мен желі құру бойынша серіктестердің өзара әрекеттестігіне арналады. Huawei Developer Day аясында сарапшылар Huawei мобильді экожүйесін құру нәтижелері, AppGallery қосымшасы дүкенінің жетістіктері туралы айтып, HarmonyOS 2.0 операциялық жүйесі мен EMUI пайдаланушы интерфейсінің жаңашылдықтарын таныстырады.

Конференцияға қатысушылар виртуалды көрмені тамашалай алады. Мұнда Huawei клиенттері және серіктестерінің табысты кйестерімен, компанияның өнімдері және өнеркәсіпті цифрландыруға арналған шешімдерімен танысып, Huawei сарапшыларымен сөйлесуге болады.