Өңірлер

Уәли мен Назарбаеваға айыппұл салынды ма - Бекшиннің жауабы

Алматының бас санитар дәрігері журналистерге айыппұл салу тәртібін түсіндіріп өтті
Sputnik

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Алматыда Әлия Назарбаева кітабының тұсаукесері мен Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдығына орай өткен жиынға байланысты бірқатар адамға айыппұл салынды. Бұл туралы брифинг кезінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада тіркелген жағдайлар бойынша мониторинг топтары жұмыс істеп жатыр. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлғаларға 250 миллион теңге көлемінде 724 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға 5 699 айыппұл салынды, бұл 252 миллион теңгені құрады", - деді Бекшин.

Айтуынша, заңсыз жиын өткізгені үшін "Ариал" гольф клубының басшысына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл жерде 9 қазанда алты мыңнан аса адам жиналған пикник болған. Бұл жиынды ұйымдастырған адамға 87 мың теңге айыппұл салған.

"Досхан Жолжақсыновтың мерейтойы өткен "Svetlana" мейрамханасының иесіне 670 мың теңге айыппұл салынды. Абай атындағы опера және балет театрында "Место силы" кітабының тұсаукесеріне байланысты театрдың директорына 670 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Баян Алагөзова да "Le Dome" мейрамханасында жолдасының туған күнін тойлаған. Мейрамхана иесіне дәл осы мөлшерде айыппұл салынды", - деді Бекшин.

Айта кетері, қыркүйекте Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева Абай атындағы опера және балет театрында "Место силы" кітабының тұсаукесерін өткізді.

"Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және басқармалардың мамандары мониторинг топтарының құрамына кірмейді. Сондықтан мониторинг топтары бізге жеткізген ақпаратты қарап, айыппұл сала аламыз. Өз бетімізше нысандарға барсақ, бұл жемқорлыққа айналады", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Журналистер Жандарбек Бекшиннен жаппай жиынды ұйымдастырған әрі қатысқан танымал адамдарға айыппұл салынды ма деп сұрады. Мысал ретінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаеваны атады.

Бұған дейін желіде Досхан Жолжақсыновтың 70 жылдығында түсірілген видеолар тарады. Ол жерде Берік Уәли Қарагөз Сүлейменовамен бірге билеп жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қарагөз Сүлейменова (@karagozsuleimenova)

"Ұйымдастырушылар мен жиын өткен нысан иелеріне айыппұл салдық. Біз тек қала бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берді Бекшин.

Оқи отырыңыз: