НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында тазаланбаған түтін мұржасынан отбасы зардап шекті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Улы газдан зардап шеккен төрт бала ауруханаға жеткізілді. Олар – 2000, 2002, 2006 және 2010 жылы туған.
2006 жылы туған қыздың жағдайы ауыр. Қалғандарының жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
"Таңғы сағат жетіде олар ауруханаға түскен. Ата-анасына медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тамыз айында осы үйдің иесін пешті жылыту маусымына дайындау қажет екені туралы ескерткен. Бірақ үй иесі өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспаған.
Зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері тұрғын үй-жайда көміртегі тотығының құрамын арнайы аспаппен өлшеді. Аспап улы газдың бар екенін көрсетті.
Оқи отырыңыз:
- Атырау облысында 3 бала өртеніп кетті – оқиға орнында түсірілген видео
- Туысы тауып алған: Аягөзде әйел мен оның 13 жастағы ұлы көз жұмды
- Зарядта тұрған телефоннан өрт шықты: павлодарлық бойжеткен зардап шекті