Олимпиада алауын жағу рәсімі Грекия президенті Катерина Сакелларопулу мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың қатысуымен өтеді. COVID-19 пандемиясына байланысты іс-шара көрерменсіз ұйымдастырылды.
Алғашқы алау көтеруші грек шаңғышысы Яннис Иоаннис Антониу болады. Биыл Олимпиадалық алау эстафетасы қысқартылады, оған барлығы үш алаушы-екі грек спортшысы және бір қытай спортшысы қатысады.
Олимпиадалық алау эстафетасын ойындардың отаны - Ежелгі Олимпияда бастау дәстүрі 1936 жылы қаланды. Дәл осы жерде қысқы және жазғы олимпиадалардың алауы жағылады.
Олимпиадалық алау жағылғаннан кейін шағын театрландырылған қойылым өтеді. Толығырақ видеодан көріңіз.