Спорт

Қазақстандық файтер жеңілмеген ресейліктен басым түсті

Қазақстандық спортшы Хабиб Нұрмағамедовтың жерлесін төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Дәурен Ермеков Сочидегі Eagle Fighting Championship 42 аралас жекпе-жек турниріне қатысты.

Қазақстандық файтер жеңілмеген ресейліктен басым түсті

Спортшылардың кездесуі 17 қазанда өтті. Оның қарсыласы бұрын жеңілмеген ресейлік спортшы Нуцалхан Умаханов болды. 84 келіге дейінгі орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, 28-27, 28-27, 28-27 нәтижесімен Ермеков жеңіске жетті.

Төрешілер бұл шешімге бірауыздан келісті. Сондай-ақ жекпе-жек басталмас бұрын қазақстандық спортшының белгіленген салмаққа сай болмауына байланысты бір ұпайы шегерілді.

Бұл Дәурен Ермековтің кәсіби карьерасындағы он алтыншы жеңісі, сондай-ақ спортшы бес рет жеңілген.

2020 жылдың қыркүйегінде Ермеков Fight Nights Global чемпионы атағы үшін ресейлік спортшы Владимир Минеевпен (16-1-1) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңілді.