НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Ақтау тұрғындары өрттен кейінгі иіске шағымданып отыр. Өнеркәсіптік аймақта қоқыс алаңында өрт болған.
Өрт кеше, 17 қазанда күндіз басталған. Өрт сөндіру бөліміне сағат 15.45-те хабар түсті.
Куәгерлер қою қара түтін көрді. Өрт кезінде бір заттардың жарылған дыбысы естілді, деп жазады Lada.kz.
Өртті кешке дейін сөндіру мүмкін болмады. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.