Өңірлер

Анасын іздеген: Ақтауда кішкентай қыз 9-қабаттан секіріп кете жаздады

Бала пәтерде жалғыз қалған, ол терезеге мініп, көмек сұрады. Оқиға орнына полицейлер келді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Ақтауда полицейлер тоғызыншы қабаттағы пәтерде жалғыз қалған кішкентай қызды құтқарды.

Облыстың полиция департаментінің ақпаратынша, 17 қазанға қараған түні "102" пультіне 5 шағын аудандағы тұрғын үйлердің бірінде кішкентай қыз 9-шы қабаттан секіргелі тұр деген ақпарат түскен.

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары дереу оқиға орнына аттанды.

"Анықталғандай, үйде жалғыз қалған қыз анасын іздеген. Бала терезеге мініп, көмек сұраған", - деп хабарлайды өңірлік "Лада" басылымы.

Полицейлер тоғызыншы қабатқа көтеріліп, қызды шақырған. Есікті бұзу үшін құтқарушыларға хабар берген. Алайда көршілерден қыздың анасының нөмірін тапқан. Тәртіп сақшылары қоңырау шалғаннан кейін, әйел үйіне келді.

Тәртіп сақшылары ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Оқи отырыңыз: