Денсаулық

Ми 30 жасқа қарай қартаюы мүмкін: дәрігер оны қалай тоқтатуға болатынын айтты

Мамандар кез келген жаста өз денсаулығына мұқият болуға, салауатты өмір салтын ұстанып, қажеттілік туындаса, дәрігерге дер кезінде қаралуға кеңес береді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. "Нейрофитнес" орталығының жетекшісі, психофизиолог Вячеслав Лебедев мидың қартаю процесін қалай тежеуге болатынын айтты.

Sputnik радиосына берген сұхбатында сарапшы ми 30 жасқа қарай қартаюы мүмкін екенін ескертті. Мидың бәсең жұмысының алғашқы белгілері есте сақтау қабілетінің нашарлауымен және ми белсенділігінің төмендеуімен байланысты.

"Кейде адамдар ақпаратты есте сақтай алмай, есте сақтау қабілетіне шағымданып жатады. Бір қызығы, мұндай проблемалар қарияларда емес, жастарда кездеседі. Мысалы, отызға толмаған адам бірнеше міндетті қатар атқарып, жұмысында көптеген хатқа жауап беріп жүрсе, бір уақыттан кейін мұны істеу оған қиынға соғады. Бұл когнитивті бұзылыс деп аталады", - деді дәрігер.

Жастар мен орта жастағы адамдарда мұндай процесті тоқтату оңай, деп санайды маман. Оның айтуынша, бұған салауатты өмір салты көмектеседі.

"Ұйқы, тамақтану және физикалық белсенділік – бұл қажетті үш негізгі элемент. Егер осының біреуі болмаса – яғни дұрыс тамақтанбасақ, уақытында ұйықтамасақ, немесе аз қимылдасақ – қалғаны жұмыс істемейді. Бұл үшеуі біздің когнитивті денсаулығымыздың тірегі", - деп түсіндірді Вячеслав Лебедев.

Сондай-ақ, оның сөзінше, егер мидың белсенділігін қалпына келтіруге салауатты өмір салты көмектеспесе, дәрігерге қаралу керек. Ол ем және жаттығу тағайындайды.

Оқи отырыңыз: