Оқиға

Балқаш маңында ұшақ құлады

Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі апатқа қатысты ақпарат берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Алматы облысында Балқаш маңында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады.

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады. 

Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.

"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен", - делінген министрлік хабарламасында.

Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.

Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.

Оқи отырыңыз: